$ 444.22  476.38  4.82

«Айта беріңдер, мен керісінше рахаттанамын»: Қайрат Нұртас өзін сынағандарға жауап берді (ВИДЕО)

Әнші Қайрат Нұртас өзін «Ағылшынша сөйлей алмайсың» деп сынағандарға жауап берді. Ол  жақында ғана інісі Заңғармен бірге «My Univers» әніне бейнебаян түсірген болатын. Алайда ағылшын тілінде ән орындағаны үшін оны жұрт сынның астына алған еді.

 «My Univers» бүкіл жерде әңгіме болып жатыр ма? Бола берсін маған жақсы ғой. Айта берсін! Айта беріңдер, маған ол керісінше жақсы. Рахаттанамын!», – дейді Қайрат өзіне қатысты сыни сөздерге мән бермейтінін айтып.  

Ал желі қолданушылары әншіге «Ары қарай да осылайша ағылшынша ән айта бер», «Жұрт не демейді сен оған мән берме» деп кеңес беріп, қолдап жатыр.

Айта кетсек, қазір Қайрат Нұртас отбасымен бірге Түркия елінде демалыста жүр.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары