11.06.2018, 05:51

«Мен ақша жинайтын адам емеспін»: Мақпал Жүнісова қайырымдылыққа 50 мың долларын жұмсаған

Қазақ халқының сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова он жыл ішінде қайырымдылыққа 50 мың долларын жұмсаған. Бұл туралы әнші 31 арнаның «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасында айтты.

 Айтуынша, Мақпал апамыз өзге әріптестері секілді ақша жинамайды екен. Өзінен көмек сұрап келген жандарға көмектесуден еш уақытта бас тартпаған. Қолы ашық, жомарт әнші кейде тойдан тапқан ақшасының қалай кетіп қалғанын өзі де білмей қалатын көрінеді.

«50 мың доллар кетіпті. Осы он жылдың ішінде. Тек қана қайырымдылыққа кетіпті. Неге ақша жиналмайды деп қоямын.Сөйтсем беріп қояды екенмін. Туысқанға көмектесемін. Мысалы екі жиен қызым күйеуге шығайын деп жатыр. Оларға қаншама ақша кетіп жатыр. Тойға барамын бар тапқан қаржымды соларға беремін. Сосын, машиналарын да жаңартып беріп жатырмын», – дейді Мақпал Жүнісова.