Әнші Қарақат Әбілдинаға ұқсайтын танымал актриса Нұрбигүл Егізова сәбилі болды. Сүйінші хабарды актрисаның тойында болып, қуанышына ортақтасып келген журналист Әлия Құдайберген өзінің желідегі парақшасында жеткізді.
“Нұрбиштайым ана болды! Ура! Жаным, балапаныңның ғұмыры ұзақ болсын. Нағыз азамат болып өссін! Алтынбек екеуің ата-ана болуларыңмен құттықтаймын, алтыным! Арман орындалған күн!” – деп жазды ол.
Айта кетейік, былтыр 26 қараша күні актриса 30-ға қараған жасында Атырауға тұрмысқа шыққан еді.