Тәуекел Мүсілім мен Жанар Дұғалованың жұбы тағы да жазылмай жүр. Дұғалова сүйіскен актеріне өзінің жаңа бейнебаянындағы басты рөлді сомдатып қойды.
Жаңа туындының аты «Сүйем, жек көрем» деп аталады. Онда Дұғалова мен Мүсілім ғашықтар рөлін сомдайды. Көңіл көтеру кешіне келген Мүсілім сүйіктісінің жанынан үлкен еркекті көріп, қызғаныштан сөзге де келмей сабап тастайды.
Дұғалова Тәуекел Мүсілімнің гонорар сұрамай, бейнебаянға тегін түскенін айтып қалды.
«Бейнебаян кішігірім фильм болмақ. Əрине махаббат тақырыбында. Болашақта толықметражды фильмді түсіруді жоспарлап отырмын», – дейді ол.