$ 444.32  473.33  4.76

Заңғар Нұртас: «Керек болса қытайша да ән айтамын»

Ағайынды Қайрат пен Заңғар Нұртастың «My Universe» әні қоғамда қызу талқыға түскен болатын. Тіпті ағылшынша айтқан екеуін жұрт мазақтап, күлкіге айналдырды. Осыған баланысты Қайраттың інісі Gakku.tv арнасындағы «Ұят Parade» бағдарламасына сұхбат берді.

«Мен керек болса қазақша ғана емес, орысша, ағылшынша, қытайша да айтамын. Бірақ Қазақстанда барлығына сын, мін табылады. Сондықтан оған көңіл аудара бермеу керек деп ойлаймын», – дейді Заңғар.

Одан басқа өнер әлеміне енді ғана қадам басқан Заңғар осы «My Universe» әні арқылы өзіне тыңдарман жинап алғанын айтып мақтанды.

Айта кетсек, «My Universe» әнінен кейін Қайрат Нұртасты да мазақ етушілер саны көбейген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары