Марқұм, белгілі оппозиционер Заманбек Нұрқаділовтің қызы Құралай Нұрқаділова отбасын көбіне құпия ұстайды. Бірақ осы жолы дизайнер көпшілікке сүйіктісін көрсетті.
Видеода Нұрқаділова кешкі Астанада сүйіктісімен серуендеп жүр. Екеуі бір-бірімен арқа-жарқа боп қалжыңдасып қояды.
Бұл ретте желі қолданушылары олардың керемет, жарасымды жұп екендерін жазды.
«Бақытты болыңдар! Әдемі жарасасыңдар!», «Құралай, маған қатты ұнайсыз. Бақытқа лайықсыз», «Неге сүйіктіңіздің суретін жиі жарияламайсыз?», – деп пікір қалдырды олар.