Танымал эстрада әншісі Роза Әлқожаның інісі Әбдіжаппар Әлқожа бейнебаян түсірді. Жаңа туынды "Не істедім?" деп аталды.
Әдбіжаппар Әлқожаның репетурындағы әндердің басым көпшілігі той мен лирикалық әндер. Бұл жолғы шығармасы да махаббат тақырыбына арналған. Клипті 1 күн ішінде 20 мыңнан астам адам тамашалап, 100-ден астам пікір қалдырған. "Керемет шыққан. Ұнады", "Хит болайын деп тұр ғой", "Өлең мен орындаушы қыз сай емес", "Əн өте əсерлі. Əншіде актриса қыз да рөлін жақсы сомдап шыққан. Қыз өтте сүйкімді. Əбдіжаппарға жарасып ақ тұр", - деп баға берген тыңдармандар.