"Қыз - жат жұрттық" деген. Бағып-қағып өсірген ата-анасынан ұшып, басқа бір үйдің түтінін тұтатқан соң әйел адам өз төркінін ұмытады десе де болады. Себебі, балалары, жан жары оның өз отбасына айналады. Десе де Динара Сұлтан бұндай қатып қалған қағидамен өмір сүрмейтін көреді. Оның ұстанымы қазақтың "Бала - белден, бай - жолдан, бауыр - таптырмас" дегенге саятындай.
"Мен үшін ең бастысы – менің жанұям, менің сіңілерім, менің бала-шағам, сүйген жарым, менің ата-анам, бүкіл туыстарым. Қалған нәрсе ол маңызды емес. Менің ең бірінші бауырларымды қойған себебім: әрине, әр біреуіміздің бала-шағамыз бар Венера, кішкентай Маржан мектеп оқушысы. Бірақ бізді үлкендер – ешқашан, қандай жағдай болса да, бауырыңды тастама деген. Ертелікте шайқас кезінде, бір батыр атпен қашайын деп тұрып, не бауырын не әйел, бала-шағасын бір атқа отырғызып алмайтынын біліп, тек бауырын ғана салып алып: «Қатын жолда, бала белде» депті. Қаншалықты қатігездік бомасын – ол рас енді.
Біз тек үш қызбыз үй ішінде, кейде мамама тағы неге тумадың деп сөйлеймін, әрине бір Алланың қолында! Сондықтан, бауырыңнан артық адам жоқ, жан бауырлар бір анадан шыққан, бір-бірін құрметтеп өту керек!
Мен үйдің үлкенімін, ол да жақсы екен үлкейген кезде. Ал сіз ше? Нешінші баласыз?! Қанша бауырыңыз бар?" – деп жазды ол Instagram-парақшасында.