Бір кездері Мейрамбек Беспаев сахнаға ішімдік ішіп, мас күйінде сахнаға шыққан болатын. Тіпті Халық артисі Мақпал Жүнісованың да күйзеліс кезінде жастарға былапыт сөз айтқан видеосы әлеуметтік желіге таралып, қоғамның қызу талқысына түскен. Содан ба екен, әнші Мақпал апайымыз басы дауға қалған Төреғали үшін саханада кешірім сұрап, талай рет әріптесіне қолдау көрсеткен. Өз кезегінде Төреғали да өнердегі әпкесінің бұл әрекетін ешқашан ұмытпайтынын айтады.
Жуырда Жүнісова Төреғали Төреәліге телеарна арқылы "Қызыңның бауы берік болсын" деп арнайы құттықтау жолдаған еді.
"Мақпал апамның құттықтауын шетелде жүрген кезде көрдім. Жүрегім елжіреп, көзім жасаурап кетті. Мені қолдағанына қуандым. Оның үстіне, шетелде жүргеннен кейін елді сағынып жүргеніміз бар. Ол кісіні бұрыннан жақсы көремін. Одан кейін одан да қатты жақсы көріп кеттім", - деді әнші 31 арнаға берген сұхбатында.