30.06.2018, 08:31

Қайрат Нұртас: "Анамның айтқанымен жүрмін..."

Танымал әнші Қайрат Нұртас әлі күнге дейін анасының айтқанымен жүріп келе жатыр екен. Себебі, өз еркімен шешім қабылдауы қиынға соғатынын айтты.

"Осы уақытқа дейін анамның айтқанымен жүрмін. Себебі, ол кісі менен көпті көрген. Екіншіден, маған жанашыр жан - менің анам. Ешқашан жамандық ойламайды", - дейді әнші "НТК" арнасындағы "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында. Айта кетсек, Қайрат Нұртас мұның алдында да берген сұхбаттарында өмірде тек жалғыз адам - анасына ғана сенетінін айтқан болатын. Жанкүйерлері мен достары арасында әншіні сол себептен де "анасының баласы" деп атап кеткен еді.