Бір кездері Төреғали Төреәлінің әкесі "Ерке Есмаханды танымал қылған Төреғали" деп жарияға жар салған еді. Ерке Есмахан Төреәліге өкпелесе де өнердегі жұбымен өнер көрсетуін жалғастырып келеді. Тіпті ол соңғы кездері халық арасында шыққан "Төреғалидің тоқалысың" деген сыбысқа да ренжімеді.
"Төреш тоқал алыпты. Не дейді құрысын. Масқара. Халық айтса қалып айтпайды. Отандық эстраданың жарық жұлдыздары Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан отау құрғалы жатыр", – деген ақпарат тараған желідегі парақшаларда.
Ерке Есмахан бұндай жаңалықтарды жылы қабылдайтынға ұқсайды. Себебі ол: "Төреғали, халықтан ештеңе жасыру мүмкін емес қой!" – деп жауап жазыпты.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің Толқын есімді жары бар. 3 қыздың әкесі. Ал Ерке Есмахан тележүргізуші Асхат Садырбайдың бірінші әйелі. Олардың ортақ некелерінен Мүслім есімді ұл бала бар.