Қайрат Нұртас жүрген жерінде анасын мақтаумен болса, Гүлзира Айдарбекова да ұлдары мен келіндерін аузынан тастамай жүреді. Продюсердің бұл жолы келіндерін мақтағаны жұртқа жағып қалғандай.
“Осындай тәп-тәтті қыз кімде бар екен. Кеше сағынып барғанымда, келіндерімнің жанында бір ғана күн болып, қайта ұшып кетуіме тура келді. Амандықтарымен қуандыра берсін!” – деп жазды ол желідегі парақшасына.
Көпшілік ене мен келін арасындағы махаббат осындай болса керек деп Айдарбековаға сүйсініп, ризашылықтарын білдірді.