Жылдар бойы жұрт көзінен жасырынып келген Қайрат Нұртастың балалары ақырындап жұлдызға айналып келеді. Тіпті, ортаншы қызы Алауға кино әлемінен шақырту да түсіп үлгерді.
"Кім не десе де “Өріс-өріс” деп екі құлыншағым да кеше Шым қаланың ашық алаңында болса, бүгін Қайроштарыңыз Хромтаудың ашық алаңында сіздермен бірге. Алла тілеуімді қабыл еткен шығар, Қайратым алғашқы “Арман” әнімен бірден xитқа айналса, Жұлдызымның жұлдызы жанып, кино әлемінде “Арман” фильмінде ең мықты актриса номинациясын жеңіп алып, көрермендерге жол тартып, Америка елі де киномыздың көрсетілуіне шақыру үстінде. Ал Занғарым, ағасымен өріс-өрісімен. Бұл әндері тек қазақ елінде емес, шет елдерде де xитқа айналды. Майами қаласына кеткен құрбым, кеше xабарласып, бұл жақтағылардың көбісінің қоңырауында осы ән екен, өз құлағыммен есітіп қуанып жатырмын дейді", – деп қуанышымен бөлісті Гүлзира Айдарбекова желідегі парақашсында.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Нұртас туған інісі Заңғармен My Univers әніне бейнеклип түсірген болатын. Алайда, қазақстандықтардың көбі әншілердің бұл клипін мазаққа айналдырып, келеке роликтер түсіріп тастады.