6 шілде Мерей Заманбекқызының туған күні болды. 16 жасқа толған бойжеткен қызын танымал әнші Мақпал Жүнісова туған күнімен құттықтады.
Ол өзінің Instagram-парақшасына Мерейдің сәби күніндегі бейнежазбалары мен суреттерін жүктеді. Сондай-ақ, кішкентай кезіндегі суреттерінен құралған үлкен мозаика сыйлады.
Желі қолданушылары да Мерейді туған күнімен құттықтап, анасы мен марқұм әкесі секілді қазақ халқының сүйікті азаматы болуын тілеп жатты.