Белгілі актер Тәуекел Мүсілім өзінен 11 жас кіші сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді. Алғашында бойжеткен актерді көзіне де ілмеген екен. Тіптен телефон нөмірін беруден бас тартыпты.
«Сырттай көріп, қатты ұнаттым. 15 минуттай қарап отырдым. Осы уақыт ішінде маған бір рет те қараған жоқ. Бір көргеннен есім кетіп ғашық болып қалдым. Сонда іштей танысуым керек деп ойладым. Өйткені басқа мүмкіндік болмайтынын сездім. Қызымның жанына барып таныстым», – дейді Тәуекел Мүсілім YouTube желісіндегі «Хайптама» бағдарламасына берген сұхбатында.
Сондай-ақ, актер әлеуметтік желілерде тараған Тәуекелдің сүйіктісі 11 сынып оқиды деген ақпараттың жалған екенін айта кетті.