09.07.2018, 10:47

«Жағымпаз әнші екенсің»: Президенттің анасына ән арнаған Нұрболат Абдуллин жұртқа ұнамай қалды

"Елбасының анасы" әнін шырқаған Нұрболат Абдуллин көптің сынына қалды деп жазады Stan.kz.

 

"Елімнің бағына қайта тумас ұл бердің,Сол елдің сары алтын тағына тәңірі қалап нұр келді.Аналардың дарасы, елге биік бағасы,Әруағыңа мың тағзым, елбасының анасы", - деп басталатын өлең жолдары Нұрболат Абдуллиннің жаңа әні.

"Бұл менің шығармашылығымдағы шоқтығы биік әндерімнің бірегейі болмақ. Көзайым болыңыз, көрермен! "Елбасының анасы", – деп жазды әншінің өзі парақшасында.

Желі қолданушылары оның пікіріне сын айта жөнелді.

"Жағымпаз әнші екенсің", "Өз анаңызға шығармадыз ба?" дейді пікір жазушылар. "Әркім өзі біледі, шын ниетімен айтып жатыр, елге ешнәрсе жақпайды", деп ақтады кейбірі.