$ 494.87  520.65  4.91

Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмінің негізгі түсірілімдері аяқталды

«Томирис» отандық тарихи фильмінің негізгі түсірілімдері аяқталды. Бұл туралы туындыда басты рөлді сомдайтын Альмира Тұрсын өз Instagram-парақшасында жазды.

Актриса фильм режиссері Ақан Сатаевқа және түсірілім тобы мен каскадерлерге де алғысын жаудырды.

«Томирис» фильмінің негізгі түсірілімдерін аяқтап бітірдік-ау. Мұндай тарихи фильмге түсу мен үшін бақыт. Барлығына шын жүректен алғысымды білдіремін. Түсірілім тобын құттықтаймын! Алдағы уақытта да жетістіктерге жете берейік», – деп жазды Альмира Тұрсын.

Айта кетсек, фильмнің түсірілімі 2018 жылдың наурыз айында басталған болатын.

Фильмде ұлы Сақ патшайымы Тұмар, яғни Томиристің өмірі мен шайқасы көрсетіледі. Қоюшы-режиссер Ақан Сатаев тарихи туындының жыл соңына дейін түсіріліп бітетіндігін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары