$ 494.87  520.65  4.91

«Оны сен айтпай-ақ білеміз»: Тіс емдеу туралы жұртқа ақыл айтпақ болған Жорабаеваны жұрт мазақ етті (ВИДЕО)

Өзінің желідегі парақшасына үнемі желілік (сетевой) маркетингін жарнамалап, тыңдармандарының арқасында «бизнесін» дамытып отырған Алтынай Жорабаева жұрттың жүйкесіне тие бастады. Бұл жолы әншінің тіс жайлы кеңесін естіген көпшілік «оны сен айтпай-ақ білеміз» деп мазақ етті.

Әншілердің бәрі дәрігер, касметологқа барса да соларды жарнамалап тегін қызмет алатын жерді іздейді. Қызметін алған соң, бәленбей миллилон жазылушысына сол жерді жарнамалайды кеп. Сапасы жаман болса да «жақсы» деп. Жорабаева да қыздарын тіс дәрігеріне емдетіп, сол емхананы мақтап әлек.

«Ертең ол үлкейіп кетпеу керек. Ол балалардың жүйкесін тоздырады. Балалардың қиналғанын қаламаймын. Жарты жылда бір рет тіс дәрігеріне қаралып тұрамыз. Тіс пен іш ауруы – ең шыдатпайтын ауру ғой. Сол себепті асқындырып алмау керек, сіздерге де кеңес беремін», - деп емхана дәрігерлерін көрсетті ол.

Бұған ашуланған желі қолданушылары әншініге ұрысып тастады.

«Алтынай, осы ақылгөйсігенді қойсаңдаршы. Тегін емдетесіңдер де, елге тықпалайсыңдар сол жерді. Ұяттарың бар ма?», «Оны сен айтпай-ақ білеміз. Дүние жүзінде балаларына алаңдайтын жалғыз ана сияқты ұстайсың өзінді. Бәріміз де бала үшін жүрміз», «Ой айтқаның жақсы болды ғой. Білмей жүр едік», - деп мазақ етті көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары