$ 444.22  476.38  4.82

«Алғансың ғой қылқындырып»: Төлепов тойына келмеген Төреғалиді қара өлеңмен қағытты

Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы көпшілікке танылған Асылхан Төлепов университетте бірге оқыған досы Төреғали Төреәліге өлең арнады. Актердің қалжыңға құрылған туындысында тойына келмеген досына деген өкпе жатыр.

«Шашын гельдеп, сақалын мұртын қырып,
Тойға келді Төрештей сылқым жігіт.
Артур мен Мадинаға тілек айтып
Қонақтарды билетті жұлқындырып.
Ал менің свадьбама келмей қалды
Ішім ренжіп жүр еді сыртым күліп,
Кішкентайдан бірге өскен дос болғасын
За косяк алғансың ғо қылқындырып», - деп досын қағытып алды актер.

Желі қолданушылары Төлеповтің тосыннан көрсеткен талантына таңырқап, бір күліп алды. Пікірлер қалдырғандар арасында арқасы қозып, өлең жазып кеткендер де көп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары