$ 441.66  475.14  4.86

«Өнер арқылы – бейбітшілік пен өзара түсіністікке» – Лукашенко Роза Рымбаеваны марапаттады

Белорусь президенті Александр Лукашенко «Витебскідегі славян базары» фестивалінің ашылу рәсімінде танымал әнші Роза Рымбаеваға «Өнер арқылы - бейбітшілік пен өзара түсіністікке» марапатын табыс етті. Бұл қуанышты жаңалығын әнші өзінің Instagram-парақшасында бөлісті.

«Белорусь мемлекетінің президенті арнайы «Өнер арқылы - бейбітшілік пен өзара түсіністікке» дипломымен марапаттады», – деп жазды әнші.

Роза Рымбаева бұл марапат тек өзінің талантын, шығармашылығын ғана мойындау емес, сондай-ақ, Қазақстанның өнеріне деген құрмет көрсету екенін айтты.

Желі қолданушылары да ҚР-ның еңбек сіңірген әртісін құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары