«КешYOU» тобының бір қызын тоқалдыққа алған Айқын Төлепберген түрмеге түсіп қалған ба? Әншінің тыңдармандары осылай деп өнер иесін уайымдап жатыр. Оған Айқынның желідегі мына бір видеосы себеп болды.
Онда әнші өзінің теміртордың ар жағында отрғанын көрсетеді.
Көпшілік оны уайымдап, «амансыз ба?» деп пікір қалдырған.
Айқын «түсірілімде» деп жазып қойғанына қарағанда киноға түсіп жатыр. Ол Төреғали Төрәлінің фильмі болуы да ғажап емес.