$ 447.4  477.55  4.76

Маржан Арапбаева қабағына ота жасатқанын мойындады

Танымал әнші Маржан Арапбаева жақында ғана қабағына ота жасатқанын мойындады. Айтуынша, отадан кейін кескен жері тез қалпына келіп үлгеріпті.

"Аз ғана уақыт ішінде қабағым өз қалпына келді.Қабағымның үстіңгі жағы кішкене салбырап тұратын. Сол үшін өзімді ыңғайсыз сезінетін едім. Блеферопластика жасату үшін жақсы дәрігер іздедім. Солай ақырында іздегенімді таптым. Бірақ қабағыма ота жасатқанымды айтсам ба, жоқ па деп көп ойландым. Содан бір шешімге келіп, қыз-келіншектер, әпкелер, апалармен бөлісейін дедім. Бәлкім, сіздерге көмегім тиіп қалар", - деп жазды Маржан Арапбаева өз Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, әнші қабағына ота жасап берген дәрігерді мақтап, оны көпшілікке жарнамалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары