$ 494.87  520.65  4.91

Димаш анасын туған күнімен құттықтап, жұртты күлдірді

Танымал әнші Димаш Құдайберген анасын туған күнімен құттықтады. Алайда, оның туған күн иесіне жазған тілегі жұртты күлдірді.

"Света апа, туған күнің құтты болсын. Бақытты, баянды ғұмыр тілеймін. Үлкен қыз болып өсе бер", - деп қысқа тілек жазды ол өз Instagram-парақшасында.

Димаш атасы мен әжесінің қолында өскендіктен, оларды туған әке-шешесі санайды. Ал Света мен Қанат Айтбаевтарды аға-әпкесіндей көреді екен. Тіпті арасында қалжыңдасып ойнайтыны жайында әнші сұхбаттарының бірінде айтқан болатын.

Бұл ретте, желі қолданушылары да Димаштың анасын туған күнімен құттықтап, оның қалдырған жазбасына бір күліп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары