Ақбота Сейітмағамбет Дәурен Айдарқұловтың бірінші отбасының шайқалуына өзін кінәлі сезінбейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.
«Кейде болмай ма сізде, біреудің отбасын бұздым деген ой», - деп сауал жолданған. Оған Ақбота: «Ондай ой сізде болмаса, менде болған емес, болмайды да! Соған қарағанда сізде де сондай жағдай-ау, сірә», - деп ашуланып кетті.
Айта кетейік, Ақбота мен Дәурен қазір бірге тұрып жатыр. Бұрын «Алла алдында некеміз болған» деп ақталатын Сейітмағамбет қазір ресми некеде екендерін де мақтанып айтып жүр.