16.07.2018, 05:20

«Жұрт дымды білмейді»: Төреғалидің қарындасы ағасы жайлы бар шындықты айтты

Төреғали Төреәлінің қарындасы бір кездері басы дауға қалған ағасын ақтап жазба қалдырды. Көпшілік, бауырының шынайы болмысын білмейді-міс.

«Ағабай. Қамқоршым. Неге екенін білмеймін, кішкентай кезімнен «Ағабай» деп атап кеткем. Бұл кісіні қатты жақсы көремін, сыйлаймын! Біле білген адамға өте ақкөңіл, шынайы, намысшыл, нағыз ер азаматтың бойында болуы қажет қасиеттердің бәрі бар. Әділетті, жанашыр, бауырмал (жұрт дымды білмейді, бірақ ойға келгенді айтады, өкінішті). Ағам болған соң мақтап жатқаным жоқ, расында сондай! Кейде «неге сонша ақкөңілсіз» деп ұрысып қоям. Артында жаман пиғылы жоқ ағам ғой.

Балалық шағымыз тіптен естен кетпейді. Әйтеуір менің мұрным таңқиып алып, ағаммен, сіңліммен бәрін бүлдіріп жүретінбіз. Бір күні анам мен әкем жұмыстарымен кетіп қалған болатын, үйде тек үшеуміз қалдық.

Тамақ жасаймыз деп шештік, ағам картоп қуыра бастады, «сыр» қатты жақсы көреді. Сол үшін 1 кг сырды қосып жібердік. Елестетіп көріңіздерші, картоппен көп сырды. Оны қойш, тойып жеп алдық. Үйге анам кеп көрді, «күшті концерт болды аяғында» . Печеньені отқа күйдіріп жеуші едік, тамақ жоқтай. Ас ішуге анам шақырса, ас үйге үшеуміз «паровозик» боп баратынбыз жабысып. Кейде осының барлығын есіңе алып, уақыттың судай ағып жатқанын түсінесің. Бір кездері бала боп ойнап жүрген ағам қазір үш қыздың әкесі. Жаным ағам, тек аман болыңызшы!» – деп өткенді еске алды ол.

Айта кетейік, Төреғали Төрәлінің Павлодардағы концерттен кейін басы дауға қалған. Қарындасы содан бері жұртқа ағасының жақсы қырын көрсетіп әлек.