19.07.2018, 05:12

«Аумаған әкесі»: Айқын түңғышын көрсетті

Айқын Төлепберген отбасы жайлы мүлде ашып айтпайды да жазбайды. Тек ол «КешYOU» тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғалимен демалып жүрген жерлерінен жиі ұсталып қала береді. Бірақ бұл жолы әнші тұңғышының суретін жүктеп, оның 6 жаста екенін жазды.

«Нұртан Аңсар Айқынұлы! Балам тренировкаға үлгермеді. Сондықтан бүгін джиу-джитсу емес, бокс болды. Папасы жеке жаттықтырушы. Менің үлкен ұлым 6 жаста. Жақында 1-сыныпқа барады!», - деп жазды әнші желідегі парақшасына.

Желі қолданушылары Айқынға ұлының өзінен аумау қалғанын айтып, алдағы оқу жылына сәттілік тілесті.

Айта кетейік, Жұлдыз Өмірғали жақында ғана желіге өзінің сүйітісінің Айқын екенін жазған. Көпшілік оны «біреудің отбасын бұздың» деп кінәлаған.

Тегтер: Айқын микс ұлы