Танымал әнші Төреғали Төреәлі өнердегі апасы Мақпал Жүнісованың қызына қымбат телефон сыйлады. Мерейдің өтіп кеткен туған күні оның есіне енді түскен көрінеді. Ол әдемі қораптағы сыйлықты біреулерден беріп жіберген. Қымбат телефонда Мерейдің есімі ойылып жазылыпты. Мақпал апайымыздың айтуынша, Төреғали ұзақ жолға шығып бара жатыр екен. Айта кетсек, Мерей Заманбекқызының туған күні 6 шілдеде өтіп кеткен болатын. Ол 16 жасқа келді!