23.07.2018, 03:44

Майя Веронская сәбилі болды

Танымал тележүргізуші Майя Веронская үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Сүйінші хабарды ол өзінің Instagram-парақшасында жариялады.

«Біздің отбасымызға тағы бір адам қосылды. Қызды болдық. Біз үшінші рет ата-ана атандық. Бұл үлкен бақыт», - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Майяны аман-есен қол-аяғын бауырына алуымен құттықтады.

Айта кетейік, Майя Веронская мен Александрдың Арсен мен Рената есімді бір ұлы мен қызы бар.