$ 443.35  475.54  4.82

«Әкесімен түскен сурет»: Әли Оқаповқа туған інісі ерекше сыйлық жасады (ВИДЕО)

Әли Оқаповқа туған күніне арнап інісі Мади Рымбаев ерекше сый тарту етті. Ол ағасы мен марқұм әкелері Тасқын Оқаповтың бірге түскен суретін үлкейтіп әкеп берді.

Әли Оқапов 8 жасында әкесі Тасқыннан айрылды. Ол кезде Мади небәрі 1 жаста еді. Ес біліп қалған Әли Мадиден қарағанда әкесі туралы естеліктерді көп еске алады. Бұны сезген бауыры да ағасының не қалайтынын білсе керек, Әлидің туған күніне ерекше сыйлығымен келіпті. Видеода әкесімен түскен суретін көре салысымен әнші інісін құшақтап алады.

Айта кетейік, продюсер Тасқын Оқапов Роза Рымбаеваның танылуына үлкен еңбек сіңірді. Әншімен ортақ некелерінен 2 ұл бала бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары