25.07.2018, 04:30

Бие сауған Алтынай Жорабаеваға жұрт сүйсінді (ВИДЕО)

Бие сауған әнші Алтынай Жорабаеваға жұрт сүйсініп, оны нағыз «ауыл келіні» атады. Бұл сәт түсірілген видеоны әнші өз Instagram-парақшасына жүктеген.

Алтынай Жорабаева Қарағанды облысындағы Ақтүбек ауылына гастрольдік сапармен барған. Ол бие сауып тұрғанда дәстүрлі әнші Аманжол Әлтаев құлынды ұстап тұрыпты. Мұны көрген желі қолдануышлары Алтынай Жорабаеваны мақтап жатты.