$ 449.58  486.94  4.86

«Тек кесумен айналысып жүрмін»: «Жігіттер» тобының әншісі балалардың тұсауын кесіп жүр (ВИДЕО)

«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғанбек кішкентай балалардың тұсауын кесумен айналысып кетіпті. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жарнама жасап, тұсау кесу сәтіндегі видеосын жариялаған.

«Шымкентке келіп тұсау кесіп кеттім. Қайшым дайын, қазір тек кесумен айналысып жатырмын. (әзіл) Төрехан ұлымыз еліне абыройлы азамат болсын», – деп жазды әнші желідегі парақшасына.

Соңғы уақытта ата-аналардың әншілерге балаларының тұсауын кестіріп жатқанын жиі көреміз. Қыздардың тұсауын кесуде әншілер арасында Қарақат Әбілдина алдыңғы орында тұрса, енді Айдар Тұрғанбек те бұл дәстүрді өз әдетіне айналдырып алған сыңайлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары