$ 447.4  477.55  4.76

Автоұрылар Абай Бегейдің көлігінің бөлшектерін ұрлап кетті

Автоұрылар Абай Бегейдің көлігінің бөлшектерін ұрлап кетті

Автоұрылар белгілі әнші Абай Бегейдің 1960 жылғы автокөлігінің бөлшектерін ұрлап кеткен.

«Ұрыларға жазаны күшейтпесе тоқтатар емес. 1960 жылғы авто көліктің доғалақтағы резина тағы басқа бөлшектері ешкімге керек емес деп ойлайтынмын. Егер тез арада жазаны күшейтпесе талай адамның өліміне себепші болмасына кім кепіл? Менің ештеңем кетпес, бұйыртса сатып алармын. Біреудің бір нәрсесін ұрлау АЛЛА алдындағы жауабы тым ауыр екенін білсе ғой», – деп жазды әнші өз Instagram-парақшасына.

Айта кетсек, мәнерлер сырғанаушы Денис Теннің қазасынан кейін елімізде автоұрылар тақырыбы жиі қозғала бастады. Сол жағдайдан кейін полиция қызметкерлері автокөлік бөлшектерін сататын базарларға тексеріс жүргізген болатын. Алайда, көлік бөлшегін ұрлау әлі де тыйылар емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары