Екінші рет отбасын құрған актер Бауыржан Сатовтың бұрынғы әйелі екеуінің не үшін ажырасқаны туралы шындықты жайып салды.
Айтуынша, желі қолданушылары кешеден бері Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарованың үйлену тойындағы суреттерін жіберіп, оның мазасын алған. «Кешеден бері менің желідегі парақшама жазылушылар саны көбейіп және Бауыржан Сатовтың үйленгенін жазуда. Осы уақытқа дейін жұрттың небір жазбаларына көңіл аудармай келдім. Өйткені туғандарым жаныңа жақын қабылдама деген болатын. Алайда, осы уақыттан кейін мен үндемей қалмаймын. Иә, біз ажырасып кеттік. Екінің бірі ажырасады. Бұл ешкімге жаңалық емес. Жұрттар мені ауру және фигурамды бұзып алмау үшін бала тумаған деп айтып жатыр екен. Бұл өте күлкілі. Ажырасқандарды қолдамаймын. Бірақ әлдебіреудің көлеңкесіне айналғанша, одан да ажырасып, жалғыз өмір сүргенім артық. Адамның саған деген сезімі өшкен екен, онда оны күшпен ұстап тұра алмайсың. Кеткісі келген адамды уақытында жібере білу де керек. Сондықтан маған кінә тағудың қажеті жоқ», – деп жазды желідегі парақшаға актердің бұрынғы әйелі. Сондай-ақ, ол көпшіліктен өзінің өміріне араласпауларын сұрады. Өйткені ертеңгі күні кімді қандай тағдыр күтіп тұрғанын ешкім білмейтінін жеткізген.