Талай қыздың арманына айналған әнші Қуандық Рахым бүгінде керемет әндерімен көптің көңілін табуда. Өнер иесінің «Лаула» деп аталатын жаңа туындысы да тыңдарманын тауып үлгерді. Ал, дүйім жұрт бұл дүниенің кімге арналғанын біле ме? Бұл туралы Stan.kz жазады.
Шынымды айтайын «Лаула» әні кезінде менімен дуэтте ән орындаған Гауһар Сардарбекке арналады. Бұл туындыда мен оның сұлулығы жайлы сыр шертемін»,-дейді Қуандық Рахым.
Айту керек, сері жігіт пен сылқым сұлудың арасында махаббат сезімі бар деген қауесет ел арасында жүрді. Алайда, әншілер мұны үнемі теріске шығаратын. Десек те, ұзын құлақтың айтқаны рас болып шықты.