$ 444.22  476.38  4.82

Анджелина Джоли Брэд Питті сотқа берді

Голливуд жұлдызы, танымал актриса Анджелина Джоли бұрынғы күйеуі Брэд Питтің «алиментті толық төлемейтінін» айтып, оны сотқа берді деп жазады Stan.kz.

Анджелина Джоли мен Брэд Питт 2016 жылы «келіспеушіліктердің» салдарынан ажырасуға шешім қабылдады. Дегенмен, жұлдызды жұптың алты баласы анасының қолында қалды. Өз уақытында бүкіл әлемді қызықтырған бұрынғы ерлі-зайыптылардың ажырасу процесі әлі жалғасуда.

Джолидің қорғаушысының айтуынша, Брэд Питт әйелімен ажырасқаннан кейін балаларын асырап бағуға айтарлықтай қаражат төлемеген. Алайда, шағымданушы тарап актердың қанша сома төлеп жүргенін нақты атап айтпады.

Десе де NBC арнасы атап өткендей, Брэд Питтің жақындары актердың барлық алиментті белгіленген тәртіп бойынша төлеп жүргенін айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары