$ 441.58  480  4.86

«Ешкім көз жасыңа лайық емес»: Айсәуле Бақытбек жігітімен айрылысып кеткен бе?

Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек ендігіде біреу үшін қайғырып, көз жасын төкпейтінін айтты. Іnstagram-парақшасындағы бұл жазбасына қарап, желі қолданушылары оны жігітімен айрылысып кетті деп болжады.

Себебі, соңғы уақытта Айсәуле жігітімен бірге түскен суреттерін бөліспейтін болған.

«Бүгін таңертең ұйқыдан ояна сала көп нәрсені түсіндім. Жасым небәрі 22-де. Мен сұлу, ақылды, көңілді қызбын. Өмірім әлі алда. Өз-өзіме Айса, қайғырып, жылауды доғар болды дедім. Ешкім сенің көз жасыңа лайық емес. Бәрі жақсы болады. Ең бастысы өз-өзіңмен бол! Біреуге жағамын деп, өз қағидаларыңнан бас тартпа. Сен онсыз да керемет жансың. Жақындарың оны бағалайды», – деп жазды Айсәуле желідегі парақшасына.

Айта кетсек, жуырда ғана Айсәулеге жігіті жүзік тағып, тұрмыс құруға дайын екендіктерін білдірген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары