«Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов апта басында анасының комаға түсіп қалғанын айтып, тыңдармандарын алаңдатып қойған еді. Айтуынша, жансақтау бөліміне ауыстырыпты. Жақсарып келеді екен. Тек көптің дұғасы тоқтамаса екен дейді ол.
«Анамның жағдайы бір қалыпты. Жансақтау бөлімінде. Қызуы түссе көзін ашып, дәрігерлердің айтқанын орындайды. Көтерілсе қиналып қалады. Әзірге дәрігерлер осымен алысып жатыр. Бастапқы 7 күннен өтсе, жақсарады екен. Алладан жәрдем тілеп, дұға жасасақ жағдайы жақсарып қалар. Аналарамыз аман болсын! Көптің тілеуі қабыл болсын!» – дейді әнші өзінің Instagram-парақшасында.