Белгілі әнші Лидо соңғы уақытта азып кеткенін айтты. Бірнеше жыл бұрын түскен суретін желіге жүктеп, 57 келі болған сол қалпына қайта оралғысы келетінін жеткізді.
«Менен адамдар: «Лидо, не үшін жаттығу жасайсыз? Онсыз да арықсыз ғой» немесе «Не үшін артық салмақ қосасыз, онсыз да сымбаттысың» деген сұрақ қояды. деген сұрақ қояды. 3 жыл бұрын белсенді түрде жаттығу жасап, көп тамақ жейтінмін. Нәтижесінде салмағым 57 келіге жетті. Маған осы салмағым ұнайды және сол кездегі сымбатымды қайтаруды армандаймын. Бұл «сапалы» 6 келіге қол жеткізу оңай болмады. Ал қазіргі уақытта салмағым 51 келі», – деп жазды Лидо өз Instagram-парақшасында.
Желі қолданушылары Лидоның қазір де сымбатты екенін жазып, артық салмақ қоспауына кеңес беруде.