Танымал әнші, «КешYOU» тобының экс-мүшесі Кәмшат Жолдыбаева жас спортшылардың алдында жұлқына билеймін деп сынға қалды. Осынау сәттегі видео желіге тарап кеткен.
Бейнежазбада сахна сыртында тұрған қысқа көйлектегі әнші жанындағы жас спортшыларға қарамастан майыса, жұлқына билейді.
Кәмшат Жолдыбаеваның бұл әрекеті жұртқа жақпай қалған. Олар отандық әншіні сынға алды. Бірі көйлегінің қысқа, әрі төсі ашық екенін айтса, кейбіреуі жас жігіттердің жанында майысқанына ашуланған.