$ 494.87  520.65  4.91

«100 қайраткер әйел»: Атақ беру үшін Меруерт Түсіпбаевадан 350 мың теңге сұраған

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаеваны «100 қайраткер әйел» тізіміне енгізу үшін «Ұлт болмысы» газеті одан 350 мың теңге сұраған. Бұл туралы әнші өзінің Instagram- парақшасына жазып, таңқалғанын жасырмады.

«350 мың төлесем, 100 қайраткер әйел деген тізімге енеді екенмін. «Ұлт болмысы» газеті хабарласты. Тізімді көріп түңілдім», – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Сондай-ақ, әнші ҚР-ның қайраткері деген атақты 2014 жылы алып қойғанын айта кетіп, өзіне одан басқа атақ-даңқтың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары