ҚР-ның Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтен соң екінші рет күйеуге неге шықпай жүргенін «Время» газетіне берген сұхбатында айтты
Айтуынша, әншіге әлі күнге дейін сөз айтатын ер азаматтар жоқ емес. Алайда, анасы, қызы Мерейде оның екінші рет тшұрмысқа шыққанын қаламайтын көрінеді.
«Мен маған ешкім сөз салмайды деп айта алмаймын. Бірақ анам қайта тұрмысқа шығуыма қарсы. Ол: «Мен 47 жасымда жесір қалғанмын. Күйеусіз қалғаннан өлген жоқпын, сен де өлмейсің» дейді. Мен еш уақытта анама қарсы келмеймін. Қызым Мерей де: «Анашым, бізге ешкім керек емес» деп айтады. Заманбек қайтыс болғаннан кейін 5 жыл бойы соны ойлап жүрдім. Қатты сағынатынмын. Тіпті әр күн сайын түсіме кіретін. Осыдан кейін қайғымды жасыру үшін өзге ерлерге қарай бастадым. Бірақ, біреумен көңіл қосуыма жақындарым қарсы болса, онда болмайды демек. Сөйтіп бар ойымды жұмысқа бөлдім. Тойларға жиі шығып, қайғымнан арылуға тырыстым», – дейді Мақпал Жүнісова.
Сондай-ақ, әнші сол жылдары тұрмыстағы құрбыларымен араласпай кеткенін айтады. Себебі, әлдекімге ғашық болып қалуым мүмкін еді дейді.
«Тұрмыстағы құрбыларыммен араласпауға тырыстым. Өйткені солардың көңілімен біреуге ғашық болып қалармын деп ойладым. Өйткені мен тез ғашық болатын адаммын. Маған жан-дүниесі бай, ақылды, нағыз ерлер ұнайды. Бірақ бұл міндетті түрде қандай да бір ер адаммен қарым-қатынаста болу керектігін білдірмейді. Сезім маған өмір сүруге көмектеседі. Мен – шығарымашылық адамымын», – дейді Мақпал Жүнісова.