$ 442.05  474.14  4.74

Қайрат Нұртастың Жұлдызы тележүргізушілікке бет бұрды (ВИДЕО)

Танымал әнші Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова тележүргізушілікке бет бұрды. Бұл қуанышты жаңалығымен актриса өзінің Instagram-парақшасында бөлісті.

Бірнеше жыл бойы ешкімге көрінбей тасада келген Жұлдыз күйеуі Қайраттың «Арман» фильмінен кейін-ақ танымал болып кетті. Сол кезде әнші телебағдарламаларға берген сұхбаттарының бірінде әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы актриса ретінде тек өз фильмінде көргісі келетінін жеткізген болатын. Енді ол тек актриса ғана емес, «Қазақстан» телеарнасында тележүргізуші болмақ.

Бұл ретте желі қолданушылары Жұлдыз Әбдікәрімоваға сәттілік тіледі. Ал кейбіреуі оны «Түнгі студия» бағдарламасының жүргізушісі болған белгілі блогер Эльвира Ерғалинаның орнына келіп жатыр деп болжауда.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары