31.08.2018, 06:14

«Оны да шеше салмадың ба?»: Жартылай жалаңаш денесін көрсеткен Айсәуле Бақытбек сынға ұшырады

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек жартылай жалаңаштанамын деп сынның астында қалды. Ол шомылуға арналған ашық киім киіп, суретке түсіп, бұл суретін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген.

Желі қолданушылары алғашында фотосуреттегі әйел Айсәуле емес, шешесі Баян деп ойлаған. Алайда, толассыз пікірлерге жауап берген продюсердің қызы суреттегі өзі екенін жазады. Артынша көпшілік Айсәуленің дене бітімінің өзгеріске ұшырап кеткенін айтып, себебін сұраған. Айта кетсек, осыдан үш ай бұрын Айсәуле Бақытбектің кездесіп жүрген жігіті тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған болатын. Содан кейін ол үйлену тойлары тамыз айында болады деп жария еткен еді. Алайда, одан кейін той туралы сөз қозғалмады.