03.09.2018, 06:04

Ернар Айдар өзін «той әншісі» деп қатал сынға алған Роза Рымбаевамен кездесті

Дана халқымыз «таспен ұрғанды аспен ұр» деген. Осы қағиданы берік ұстанған Ердар Айдар өзін арзан әншіге теңеген Роза Рымбаевамен кездесті. Тіпті әріптесімен түскен суретін желідегі парақшасына жүктеп, оны асыра мақтап жіберген.

«Роза Қуанышқызы өте еңбекқор, парасатты тұлға, анамыздай ақ баталы, кейде біздерді бүгінімізден де жақсы болсын деп қамшылап алуы мүмкін. Одан жаман болмаймыз. Күз келіп, күн суытқанмен көңіл суытпасын. Жақсы сөз айтып, жандарыңыз жаздай жадырап жүрсін. Үлкендерге құрметіміз, кішілерге ізетіміз үзілмесін!», – деп жазды ол Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Рымбаева бұған дейін Ернар Айдарды «өзбек не түрік әндерін қазақшаға аударып айтып жүрген той әншісі» деп қатал сынға алған. Кейін Мақпал Жүнісова өнердегі інісіне араша түсіп, сынның жүйесіз екенін айтқан.