ҚР-ның Халық әртісі Мақпал Жүнісова желіге жас кезінде түскен суретін жариялады.
Айтуынша, сол суреттің артына белгілі әнші Толқын Забированың анасына қолтаңба жазып берген екен. Ол кезде Мақпал Жүнісова 23 жаста болыпты.
«Түн тыныштығын берсін, әнші сіңілім Толқын Забировадан осындай сурет келді, Толқынның анасына қолтаңба жазыппын 23 жаста едім», – деп жазды әнші Instagram-парақшасына.
Мақпалдың жастық шағын көрген желі қолдануышлары, оның сұлулығына тамсанды. Сондай-ақ, әншінің әлі де әр бермегенін айтып, оған денсаулық тіледі.