Мәдениет & Шоубиз 17.09.2018 сағат 04:20  854

«Нағыз чемпионсың»: Димаш Құдайберген Головкинге қолдау көрсетті

Күні кеше ғана қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе жегі өтіп, «Канело» жеңіске жеткен болатын. Көпшілік GGG-ге қолдау білдіріп, жеңісті күннің әлі алда екенін айтып жатыр. Олардың ішінде мегажұлдыз Димаш Құдайберген де бар. Әнші Instagram-парақшасына Головкиннің мықты спортшы екенін жазып, онымен бірге түскен суретін жүктеді.

«Нағыз чемпионсың»: Димаш Құдайберген Головкинге қолдау көрсетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Сен біз үшін қандай жағдайда да үздіксің, ағасы! Сен нағыз чемпионсың! Қазақстанымыздың атын шығарып жүргеніңе рахмет! Алға», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Бұған дейін жас спортшы, әуесқой бокста Азия ойындары мен Әлем чемпионатын жеңген Жәнібек Әлімханұлының мексикалыққа кеткен белбеулердің бәрін қайтарып алуға сөз бергені жайлы жазған болатынбыз.

Айта кетейік, 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Сауль Альварестен жеңіліп қалған еді. 40-жекпе-жегінде ол чемпиондық атағын қорғай алмай, WBC WBA (Super) және IBO чемпиондық атағымен WBC арнайы белбеуі мен The Ring журналы белбеуінен айрылып қалды.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар