Зере осыдан бір ай бұрын «Қыз» деген әніне бейнеклип түсірген болатын. Содан бері оның телефонына «Видеоны Youtube-тан өшір. Әйтпесе, өлтіріп кетемін» деген сарында белгісіз жігіттерден хабарлама келетін болған.
Зере бейнеклипте кастюм ішінен іш киім киіп ән айтады. Жанындағы бойжеткендердің арасында хиджаб кигендер де бар.
Әнші ағылшын тілін жетік меңгерген. Театрда жұмыс істейді. Әнінің сөзін де өзі жазған.
Қырғыз полициясы қазір Зеренің қауіпсіздігін өздері қадағалап отыр.