$ 494.87  520.65  4.91

«Тастап кетті» дегені қайда?: Желіде Мөлдір Әуелбекованың күйеуімен жүрген видеосы таралып кетті (ВИДЕО)

«КешYou» тобының бұрынғы солисі Мөлдір Әуелбекова бұған дейін телеарналарға берген сұхбатында күйеуінің тастап кеткенін айтқан болатын. Енді әншінің әлеуметтік желіде жарымен жүрген видеосы таралып кетті.

Онда әнші күйеуімен бірге ұлдарын ойнатып жүр. «Әне, папа» деп Әуелбекова баласын қадр сыртындағы Арыстанға бағыттайды.

Желі қолданушылары әншінің қай сөзіне сенерін білмей дал болды.

«Араласпаймыз. Тастап кетті» дегені қайда? Бұларды түсініп болмайсың», «Қайта қосылдыңыздар ма?», - деп желідегілер сұрақтарын жаудырып жатыр.

Еске салсақ, Мөлдір Әуелбекова 2015 жылы Арыстан есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шыққан. Бүгінде олардың ортақ некелерінен бір ұл бала бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары