Төреғали Төреәлі 13 қыркүйек күні «Эйр Астана» ұшағына билетсіз кіріп шу шығарды деп жазады time.kz.
Әнші Алматы-Гонконг бағытындағы ұшақтың ішіне балаларын көтеріп кірген. Алайда жұрт белдігін тағып, ұшқалы тұрғанда Төреғали өзінің сыртқа шығатынын айтқан. Сөйтсе, әнші әйелі мен бала-шағасын шығарып салуға мініпті.
Эстрада жұлдызының кесірінен рейс 18 минутқа кешігіп ұшқан. Жолаушылар білеті жоқ адамның ұшақ бортына өтіп кеткеніне ашуланып, шу шығарды.
Ал компания өкілі әншінің атын атамай, бұл жағдайға түсініктеме берді.
«Қолында баласы бар азамат ұшақтан шығып кетпек болған. Жолаушыларды қайта тексеру жұмыстары жүргізіліп, ұшақ өз кестесінен 18 минутқа кешікті. Алматыдағы әуежайға хат жолданды», - дейді «Эйр Астана» компаниясының баспасөз қызметі.