$ 494.87  520.65  4.91

Айсәуле Бақытбек жігіті сияқты ойлау үшін футбол көріп, сыра ішкен

Айсәуле Бақытбек Instagram-парақшасына сүйіктісі үшін өзіне ұнамайтын нәрселермен айналысқаны жайлы жазды. Блогер ер адам сияқты ойлану мақсатында өмірі қызықпаған футбол матчтарын тамашалап, сыра ішуге дейін барған.

«Әйел мен ер адамның сана-сезімі, ой-түсігі, қабылдауы әр түрлі. Соған қарамастан олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.

Ғашықтардың қарым-қатынасы алғашында керемет болғанымен, кейін ұрыс-керіс, жанжалдар басталады. Түсініспеушілік болады. Жігітім сияқты ойлау үшін кезінде футбол матчтарын көріп, ойыншылардың атын жаттап, ойын ережелерін үйренгенмін. Тіпті, сыра да іштім», - деп жазды Айсәуле Бақытбек желідегі парақшасында.

Блогердің сүйіктісі де кинотеатрға барғанды ұнатпайды екен. Сонда да қызының көңілін қалдырмай, түрлі фильмдерге шақырып тұрады екен Айсәулені.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын сүйіктісі Асәуле Бақытбекке тұрмысқа шығуға ұсыныс тастаған болатын. Қос ғашықтың той күні әзірге белгіленген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары